13-қазан күні "Достық" балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығында спорт бөлімінің тәрбиеленушілеріне "Әкенің өсиетті сөздері" тақырыбында тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды. Аталмыш мәні мен маңызы зор кездесуге қонақ ретінде Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, журналист, ақын Нұрғали Қарабектегі мен Приозерск гарнизонының ардагерлер ұйымының төрағасы, әскери зейнеткер, ҚР құрметті азаматы Тілек Алшынбекұлы қатысып, өскелең ұрпаққа әке мен бала қатынасы, қоғамдағы бала орны туралы айта келе, жігерлі жастар мен қатысушыларға үлкен әсер қалдырды. Сондай-ақ қатысушылар өз тараптарынан сұрақтар қойып, толғандырып жүрген ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.