Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің «Достық» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» КМҚК
0
БІЗ ТУРАЛЫ

КГКП «Центр детско-юношеского творчества «Достық»» отдела образования города Приозерск управления образования Карагандинской области

 

Құрылған жылы:1981

 

Меншік түрі: мемлекеттік

 

Оқушылар саны: 1210 бала

 

Салалығы: көпсалалы оқу, кешенді мектептен тыс, білім беру,бос уақытты өткізу, ғылыми-әдістемелік және ақпараттық қызмет шеңберінде қосымша білім беретін ұйым

 

Ғимараты : орталық 1981 жылы салынған типтік ғимаратта орналасқан, жалпы ауданы 6908,4 ш.м. 2014 жылы ғимарат қайта жөндеуден өтті. Орталық экологиялық таза аймақта, Балқаш көлінің жағасында орналасқан. Оның дербес абаттандырылған жер телімі бар – 1,3 га. Орталықтың аумағы спорттық құрал-жабдықтармен, футбол алаңымен, демалуға арналған беседкалармен, заманауи ойын алаңымен және балалар серуендеу алаңдарымен жабдықталған.

 

Жұмысты ұйымдастыру: орталықта сабақ 2 ауысымда жүргізіледі. Сабақ 8:30-да басталып, 19:00-де аяқталады. Орталық 4 пен 18 жас аралығындағы балаларды қабылдайды. Оқу мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі. Мемлекеттік тілде оқитындар саны 80 пайызды құрайды. Орталық мұғалімдерінің көпшілігі қос тілді, бұл аралас тілде оқытатын топтарды ашуға мүмкіндік береді.

 

2021-2022 оқу жылында үйірмелер мен секциялардың жалпы саны 24 болды.

 

Үйірмелер мен секцияларда оқыту тегін. Музыка бөлімінің домбыра және фортепиано сыныптарында оқу құны айына 2700 теңге.