"Приозерск қаласының "Достық" балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы" КMҚK
0
Шекті келісім

 

Мемлекеттік кәсіпорындардың кадр саясатында меритократия қағидаттарын бекітуге бағытталған шекті келісім жасау бойынша әдістемелік ұсынымдар

 

Осы мемлекеттік кәсіпорындардың кадр саясатында меритократия қағидаттарын бекітуге бағытталған шекті келісім жасау бойынша әдістемелік ұсынымдар (бұдан әрі – әдістемелік ұсынымдар) «Мемлекет басшысының 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2014 жылғы 20 қаңтардағы № 733 Жарлығына (32.3 т.), сондай-ақ Мемлекеттік кәсіпорындардың, ұлттық компаниялардың және бюджеттік ұйымдардың кадрлық саясатына меритократия қағидаларын енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына (6-7 т.) сәйкес әзірленген.

 

  1. Жалпы ережелер
  2. Осы әдістемелік ұсынымдар, мемлекеттік органдар өздерінің ведомстволық мемлекеттік кәсіпорындарымен шекті келісім жасау барысында қолдану үшін әзірленген (бұдан әрі – шекті келісім жасау).
  3. Шекті келісім жасаудың мақсаты мемлекеттік кәсіпорындардағы кадр саясатынның тиімділігін қамтамасыз ету болып табылады.
  4. Шекті келісім жасаудың міндеті бос лауазымдық орындарға кандидаттардың бірдей іріктелуін, сондай-ақ персоналдың мәнсаптық өсуі және материалдық ынталандыру кезінде меритократияны қамтамасыз ету болып табылады.

 

  1. Шекті келісімнің мазмұны
  2. Шекті келісімдер мемлекеттік органдардың меритократия қағидаттарына деген бейілділігін қалыптастырады.
  3. Кадрларды іріктеуде және жоғарылатуда жемқорлықты болдырмау тұрғысында шекті келісімдерде тікелей іс-әрекеттер қалануы қажет.
    • Конкурс туралы хабарландыру

         Мемлекеттік кәсіпорында бос лауазымның болған жағдайында, тиісті мемлекеттік кәсіпорынға конкурс өткізу туралы интернет-ресурстарға, соның ішінде рекрутинг порталдарына құжаттарды қабылдау аяқталған күнге дейін екі аптадан кем емес уақытта хабарландыру орналастырады;

         Конкурс өткізу туралы хабарландыру мынадай мәліметтерді қамтиды:

         1) бос лауазым атауы;

         2) мемлекеттік кәсіпорынның атауы, орналасқан жері, пошталық мекенжайы, телефоны;

         3) құжаттарды қабылдау аяқталатын күні мен уақыты;

         4) тиісті салаға сәйкес, біліктілік мінездемеге сүйеніп анықталатын конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар;

         5) конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі.

         5.2. Конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қабылдау және қарау

         Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар мемлекеттік кәсіпорынның басшысының атына өтініш (еркін нысанда) береді.

         Өтінішке конкурсты өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген құжаттар қоса беріледі.

         Мемлекеттік кәсіпорында жұмыс істеп жүрген қызметкерлерге, сондай-ақ конкурсқа қатысуға рұқсат етіледі.

         Конкурсқа қатысушы білімі, кәсіптік деңгейі жайлы қосымша ақпарат, сондай-ақ жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы.

     5.3. Конкурсты өткізу

Конкурс келесі кезеңдерден тұрады:

  • Мемлекеттік кәсіпорынның бос лауазымына орналасуға үміткерлердің өтінімдерін қарастыру;
  • Үміткерлермен сұхбаттасу жүргізу (оның ішінде көпсатылы эссе жазу, кейстерді шешу және т.б.)
  • Конкурстың қорытындыларын шығару.

         5.4. Конкурс нәтижелеріне шағымдану

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар өздеріне қатысы бар бөлігінде конкурс құжаттарымен таныса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен конкурстың нәтижесіне шағымдануға құқылы.

  1. Шекті келісім меритократия принциптеріне сәйкес қызметкерлерді материалдық көтермелеуді болжайды.
  2. Шекті келісімдерді жасау тәртібі
  3. Шекті келісімдер мемлекеттік кәсіпорындар мен оған ведомствалық бағынысты ұйымдар арасында жасалады.                           
  4. Осы келісімдер шекті келісімге қатысушы тараптардың интернет-ресурстарында орналастырылуына жатады.
  5. Шекті келісімдерді орындау
  6. Шекті келісімдерді орындау міндетті болып табылады.
  7. Мемлекеттік кәсіпорындар осы келісімдерді жүзеге асыруға тиісті ішкі актілерді қабылдайды.
  8. Шекті келісімдерді бақылау тиісті мемлекеттік органдардың басшыларына жүктеледі